Алғыс айту күніне орай Жамбыл облыстық қан орталығы ерекше ықыласпен донорларымызға алғыс білдіріп, адам өмірін құтқаруға қосқан баға жетпес үлестеріңіз бен мейірімді жүректеріңіздің белгісі ретінде алғыс сертификаттарын табыстады.
Әрбір донация – жай ғана рәсім емес.
Бұл – үміт. Бұл – мүмкіндік. Бұл – біреудің құтқарылған өмірі.
Қайырымдылықтарыңыз, мейірімдеріңіз және асыл миссияларыңыз үшін сіздерге алғысымыз шексіз. Сіздердің арқаларыңызда әлемде мейірім мен жылылық арта түсуде.
Сіздер – бүгінгі заманның нағыз батырларысыздар.
Рахмет сізге, донор!
Шын жүректен демеушілерімізге — «Musetti» кофеханасына және «ЦУМ Алатау» СҮ (131 бутик) сотовый бөліміне — көрсеткен қолдаулары үшін алғыс айтамыз.
Донорлық қозғалыстың дамуына және игі бастамаларды қолдауға қосқан үлестері үшін «Musetti» ЖК директоры Ташметова Зухра Сатвалдыевнаға және «ЦУМ Алатау» СҮ бөлімінің жетекшісі Дүйсенбиева Индира Сейдильдаевнаға ерекше ризашылығымызды білдіреміз.
Біз бірге үлкен әрі маңызды іс атқарып жатырмыз!
https://tarazdonor.kz/kz/zha-aly-tar/2406-rmetti-donorlar-2.html#sigFreeId7b7b1ad502








