23.02.2026
06:57

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
19 Ақпан 2026
8

«Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты минералды тыңайтқыштар зауыты

«Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты минералды тыңайтқыштар зауыты- өңірдің өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып келе жатқан іргелі өндіріс ошақтарының бірі. Зауыт қазынаға қомақты салық түсімдеріп төлеп қана қоймай, жүздеген жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Химия өнеркәсібінің көшбасшысы саналатын зауытта елдің ертеңі мен қоғамның мүддесін ойлайтын жанашыр азаматтар аз емес. Оған бүгін Жамбыл облыстық қан орталығының жылжымалы бригадасы барғанда тағы бір мәрте көз жеткіздік.
Химиктер таң азаннан топ-тобымен қан тапсырып, тағылымы мол істің ұйытқысы бола білді. Осылайша сала мамандары қым-қуыт жұмыстан уақыт тауып, жақсылықтың жаршысына айналды. Бұл әрине, көпке үлгі болатын бастама. Осы орайда мұқтаж адамдарға қол ұшын созып, донорлық қозғалыстың дамуына үлкен үлес қосқан зауыт директоры Денис Трофимовичке, іс-шараны ұйымдастырған Шахноза Таиржановнаға зор алғысымызды білдіреміз.

Add comment

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе