Jambyl облыстық радиосы эфирінде қан дайындау бөлімінің меңгерушісі Досжанова С.М.-мен «Донорлық қан мен оның компоненттерінің қауіпсіздігі қандай әдістер арқылы қамтамасыз етіледі?» тақырыбында сұхбат өтті.
Сұхбат барысында Досжанова С.М. заманауи технологиялар мен қатаң стандарттардың көмегімен қанның инфекцияларға тексерілетіні, сапасының бақыланатыны және науқастар үшін қауіпсіздігіне кепілдік берілетіні туралы айтып өтті. Әрбір донорлық материал мұқият тексеруден өтеді, себебі мұқтаж жандардың өмірі барынша қорғалған болуы тиіс.
Сонымен қатар ерікті донорлықтың маңызы мен қан тапсыруға дайындалу ережелері талқыланып, оның қауіпсіз әрі барынша пайдалы болуы үшін қажетті талаптар түсіндірілді.
Донорлық – бұл жай ғана көмек емес, бұл мұқтаж жандарға өмір мен денсаулық сыйлау мүмкіндігі.









