25.02.2026
14:53

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
17 Ақпан 2026
14

Жоспарлы жыл сайынғы жұмыс аясында Жамбыл облыстық қан орталығы өңірдегі медициналық ұйымдарда мониторинг жүргізуді бастады

Бүгін Орталықтың мамандары донорлық қан және оның компоненттерінің клиникалық қолданылуын бағалау мақсатында Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында мониторинг жүргізді.
Сапардың негізгі мақсаты — трансфузиялық терапия тәжірибесін және пациенттерге қан құю кезінде қолданылатын стандарттар мен хаттамалардың сақталуын талдау.
Медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған кешенді жұмыс аясында Жамбыл облыстық қан орталығы өңірдегі медициналық ұйымдарда клиникалық трансфузиологияны дамыту мақсатында тұрақты түрде ұйымдастырушылық-әдістемелік іс-шаралар өткізіп келеді.
Жұмыс тобының құрамында:
1. Медицина қызметі жөніндегі директордың орынбасарының міндетін атқарушы А.М. Кулымбетова
2. Медициналық зертхана меңгерушісінің міндетін атқарушы А. Б. Ильясова
3. Бас мейірбике Э.М.Ембаева
Мұндай жұмыс сапары қан құю қауіпсіздігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ өңірдегі медициналық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
Жұмыс Жамбыл облысының денсаулық сақтау ұйымдарында донорлық қанды тиімді әрі ұтымды пайдалану жүйесін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді тәсіл аясында жалғасуда.

Add comment

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе