Жамбыл облыстық қан орталығына «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» КЕ АҚ Басқарма төрағасы – ректоры Камшат Түсіпова, сондай-ақ ректор аппаратының басшысы Біржан Күзембеков келді.
Іргелі оқу ордасының басшысы Камшат Маратқызы әуелі қан тапсырып, донорлық қозғалысты қолдаудың және қоғамдағы әлеуметтік жауапкершіліктің маңыздылығын іспен көрсетті.
Кездесу барысында денсаулық сақтау саласының білікті мамандары Жамбыл облыстық қан орталығының қызметімен таныстырды. Қан алу, өңдеу және пайдалану үдерістері, сондай-ақ қолданылып жатқан заманауи құрал-жабдықтар жоғары бағаланды. Бұл орталықтағы әдістер мен технологиялардың жоғары стандарттарға сай екенін және медициналық қызметтің сапалы деңгейде екенін көрсетеді.
Осындай игі бастамалар адам өмірін сақтауға, денсаулық сақтау саласын дамытуға және донорлық мәдениетті нығайтуға зор үлес қосады.
https://tarazdonor.kz/kz/zha-aly-tar/2385-zhambyl-oblysty-an-ortaly-yna-aza-ltty-su-sharuashyly-y-zh-ne-irrigatsiya-universiteti-ke-a-bas-arma-t-ra-asy-rektory-kamshat-t-sipova-sondaj-a-rektor-apparatyny-basshysy-birzhan-k-zembekov-keldi.html#sigFreeId25c1e2ba31








