24.03.2026
09:59

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
17 Ақпан 2026
42

Донорлық — қайта оралатын қамқорлық

Қазіргі қоғамда донорлық – адам өмірін сақтаудың маңызды жолдарының бірі. Қан және оның компоненттерінің донорлығы көптеген науқастарға үміт сыйлап, олардың өмірін жалғастыруға мүмкіндік береді. Донор болу – тек медициналық көмек емес, бұл шынайы адамгершілік пен жанашырлықтың көрінісі
Донорлық – өз еркімен қан немесе оның компоненттерін тапсыру арқылы басқа адамдарға көмектесу. Көп жағдайда донорлық қан ауыр операциялар кезінде , жол-көлік оқиғаларында, босану кезінде және ауыр дерттермен күресіп жатқан адамдарға қажет болады. Бір адамның тапсырған қаны бірнеше адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін.
Донор болудың маңызы тек алушы үшін ғана емес, донордың өзі үшін де зор. Тұрақты донорлар өз денсаулығын жиі тексертіп отырады, қан айналымы жақсарады және ағзадағы қан жаңарады.
Қоғамда донорлық мәдениетті қалыптастыру өте маңызды. Әрбір адам донорлықтың маңызын түсініп, мүмкіндігі болса, қан тапсыруға дайын болуы қажет. Бұл – бір-біріне қолдау көрсететін, мейірімді қоғам құрудың бір жолы және адам өмірін сақтауға бағытталған игі іс. Сондықтан «Донорлық — қайта оралатын қамқорлық» деген сөз әрбір азамат үшін өмірлік ұстанымға айналуы тиіс.

Add comment

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе