2026 жылға арналған қан қызметін дамыту жөніндегі жоспарлы іс-шаралар шеңберінде және "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының Қалалық перинаталдық орталығы" ШЖҚ МКК-де ерікті өтеусіз қан донорлығын дамыту мақсатында 2026 жылғы 6 ақпанда ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.
Дәрісті Жамбыл облысы бойынша бас штаттан тыс трансфузиолог Салтанат Мейірханқызы Досжанова және трансфузиолог дәрігердің м.а. Ербос Нұридинұлы өткізді.
Іс-шара барысында трансфузиологиялық көмектің және пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.
Алынған ақпарат қан донорлығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға және оның денсаулық пен өмірді сақтаудағы маңыздылығын түсінуге ықпал етеді деп үміттенеміз.
https://tarazdonor.kz/kz/zha-aly-tar/2380-erikti-teusiz-an-donorly-yn-damytu.html#sigFreeId2272da9433








