Жамбыл облыстық қан орталығында облыс тұрғындарын сапалы әрі қауіпсіз қан компоненттерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін заманауи жоғары технологиялық жабдық пайдалануға берілді.
Жабдықтарды жаңарту бағдарламасы аясында қан дайындау бөліміне орнатылған бұл жаңа аппарат қан компоненттерін дайындаудың барлық кезеңін толық автоматты бақылауға алып, экстракциялау процесінің жоғары дәлдігі мен тұрақты сапасын қамтамасыз етеді. Нәтижесінде медициналық ұйымдарға жеткізілетін қан өнімдерінің сапасы айтарлықтай артып, тұрғындардың өмірі мен денсаулығын сақтауға нақты үлес қосылады.
Аталған құрылғы басты артықшылықтарының бірі - технологиялық процестердің толық стандартталуы, бұл адами факторды азайтып, дайын қан компоненттерінің қауіпсіздігін едәуір күшейтеді.
Сонымен қатар жабдық деректер алмасу және қашықтан мониторинг жүргізу мүмкіндігімен жабдықталған.
02 Ақпан 2026
4









