02.02.2026
03:54

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
29 Қаңтар 2026
8

Жамбыл облыстық қан орталығында қызметкерлерге арналған қаржылық сауаттылық және қолжетімді тұрғын үй бағдарламалары бойынша кезекті семинар өтті

Кездесуге «Отбасы Банк» мамандары қатысып, қызметкерлерге: жеке және отбасы бюджетін тиімді жоспарлау,жинақ жүйесін дұрыс ұйымдастыру, қаржылық мақсаттарды қою және оларға жету жолдары жөнінде жан-жақты әрі пайдалы ақпарат ұсынды.
Семинар интерактивті форматта өтіп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі практикалық кеңестер алды. Бұл формат ақпаратты тез әрі тиімді меңгеруге мүмкіндік береді.
«Отбасы Банкпен» ынтымақтастығымыз 7 жылдан астам уақыттан бері жүйелі түрде жалғасып келеді. Осы уақыт ішінде көптеген қызметкерлер банк бағдарламалары арқылы өз тұрғын үйлерін сатып алу мүмкіндігіне ие болды, бұл олардың болашаққа деген сенімділігін арттырады.
Қан орталығы «Отбасы Банк» мамандарына кәсібилігі мен тәжірибесімен бөліскені үшін алғыс білдіреді. Мұндай сенімді серіктестік мемлекеттік қызметкерлерге көрсетілетін нақты қамқорлықтың айқын көрінісі.
Қызметкерлерге көрсетілетін қамқорлық - олардың сенімділігі, тұрақтылығы және тиімді жұмысының кепілі. Алдағы уақытта да бұл ынтымақтастықты жүйелі түрде жалғастырамыз.

 

 

Add comment

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе