Емдік плазмаферез - бұл қанның экстракорпоральды (ағзадан тыс) тазартылуына арналған заманауи әдіс. Ол ағзадан экзо- және эндотоксиндерді, әртүрлі патологиялық заттарды, аллергендерді, аурулардың себебі болып табылатын аутоантиденелерді шығару мақсатында жүргізіледі.
Емдік плазмаферез - әртүрлі ауруларды кешенді емдеуде қолданылатын тиімді әрі қауіпсіз әдіс. Плазмаферездің көмегімен қан плазмасында болатын, ағзаның қалыпты өмір сүруіне кедергі келтіретін «артық» заттар қан айналымынан шығарылады.
Плазмаферез процедурасына көрсетілімдер:
Дерматология: экзема, псориаз, атипиялық дерматит, есекжем, фурункулез;
• Гастроэнтерология: гепатит, холецистит, панкреатит, холестерин деңгейінің жоғарылауы;
• Эндокринология: қант диабеті, қалқанша без аурулары;
• Ревматология: ревматоидты артрит, жүйелі қызыл жегі және т.б.;
• Кардиология: гипертониялық ауру, жүректің ишемиялық ауруы, тамырлардың атеросклерозы;
• Иммунология: аллергиялық, аутоиммунды, инфекциялық аурулар;
• Созылмалы шаршау синдромы;
• Алкогольдік интоксикацияны, похмелье синдромын жеңілдету.
Аллергия кезіндегі плазмаферез
Аллергия кезінде емдік плазмаферезді жеке әдіс ретінде де, басқа емдік тәсілдермен кешенді түрде де қолдануға болады. Аллергияны плазмаферез арқылы емдеу барысында қан плазмасымен бірге ағзадан иммундық белсенділіктің артық факторлары, патологиялық заттар, әртүрлі химиялық қосылыстар мен токсиндер шығарылады. Бұл кезде әсер тек аллергияны қоздыратын факторға ғана емес, иммундық реакцияның даму механизміне де бағытталады.
Аллергия кезіндегі емдік плазмаферездің артықшылықтары:
1. Жағдайдың тез жақсаруы - бірінші сеанстан кейін-ақ аллергиялық реакция айтарлықтай әлсірейді;
2. Процедураның қауіпсіздігі аллергия тудыруы мүмкін дәрі-дәрмектерді қолданудан бас тартуға мүмкіндік береді;
3. Ұзақ мерзімді әсер - процедурадан кейін ағзаның аллергендерге сезімталдығы 6 айға және одан да ұзақ уақытқа төмендейді.
Әдетте аллергияны плазмаферез арқылы емдеу үшін 3-тен 5-ке дейін процедура жүргізіледі. Ем курсын аяқтағаннан кейін науқас аллергиялық белгілердің едәуір азайғанын сезінеді.
Жамбыл облыстық қан орталығында емдік плазмаферез тек лицензияланған мамандар тарапынан, заманауи жабдықтарда, тек бір реттік шығын материалдарын қолдана отырып жүргізіледі және адам ағзасы үшін мүлде қауіпсіз процедура болып табылады.









