Донорлықтан шеттетулер тұрақты және уақытша болып бөлінеді.
- Абсолютті қарсы көрсетілімдер
Абсолютті қарсы көрсетілімдер кезінде донорлықтан шеттету аурудың болған уақытына және ем нәтижелеріне қарамастан жүргізіледі. Оларға мыналар жатады:
- Гемотрансмиссивті аурулар 🩸
1.1. Инфекциялық :
- ЖИТС, АИТВ-инфекциясын тасымалдаушылық және қауіп тобына жататын адамдар (гомосексуалистер, нашақорлар, жезөкшелер)
- Мерез, туа біткен немесе жүре пайда болған
- Вирустық гепатиттер, вирустық гепатит маркерлеріне зерттеудің оң нәтижесі (HBsAg, анти-HCV антиденелері)
- Туберкулез, барлық түрлері, бруцеллез, бөртпе сүзек, туляремия, лепра.
1.2. Паразиттік:
эхинококкоз, токсоплазмоз, трипаносомоз, филяриатоз, ришта, лейшманиоз.
- Орташа ауыр немесе ауыр дәрежедегі аурулар
Өмірлік маңызды функциялардың (тыныс алу, қан айналымы, орталық жүйке жүйесінің қызметі) жалпы қабылданған критерийлер бойынша декомпенсация белгілері бар ағзалар мен жүйелердің аурулары, сондай-ақ өмірге қауіпті (шұғыл) жағдайлар, оларда организмнің өмірлік маңызды функцияларының декомпенсациясы бар немесе оның тікелей даму қаупі болады.
- УАҚЫТША ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕР
Ауырғаннан кейінгі жағдайлар:
- ангина, тұмау, ЖРВИ – сауығып кеткеннен кейін 1 ай
- тіс жұлу (экстракция) – 10 күн
- орналасуына қарамастан жедел немесе созылмалы қабыну үдерістері өршу сатысында, жедел кезең басылғаннан кейін – 1 ай
- жүктілік және лактация кезеңі – босанғаннан кейін 1 жыл, лактация аяқталғаннан кейін 3 ай
- менструация кезеңі, менструация аяқталған күннен бастап – 5 күн
Егулер
Дәрілік препараттарды қабылдау:
- антибиотиктер, қабылдау аяқталғаннан кейін – 2 апта
- анальгетиктер, салицилаттар, қабылдау аяқталғаннан кейін – 3 күн
Алкоголь қабылдау – 48 сағат
Қанның биохимиялық көрсеткіштерінің өзгерістері:
- аланин-аминотрансфераза (АЛТ) белсенділігінің 2 еседен аз жоғарылауы – 3 ай
- АЛТ-тың қайта жоғарылауы немесе 2 және одан да көп есеге көтерілуі – донорлықтан шеттету және тексеруге жіберу
- диспротеинемия – 1 ай









