Тәуелсіз Қазақстанды нығайту мен дамыту ісінде Қарулы Күштер ерекше орын алады. Олар — ерлік, тәртіп пен Отанға адалдықтың айқын символы.
«01731 әскери бөлімі» РММ әскери қызметшілері Қан орталығына келіп, өтеусіз донорлық акциясына қатысып, адам өмірін сақтауға елеулі үлес қосты.
Бұл игі іс олардың жоғары азаматтық жауапкершілігін және шынайы отансүйгіштігін көрсетіп, Отанға қызмет ету — тек шекараны қорғау ғана емес, сонымен қатар ел азаматтарының өмірі мен денсаулығына қамқорлық жасау екенін дәлелдеді.
Ел қауіпсіздігін күн сайын қамтамасыз етіп жүрген әскери қызметшілердің донорлық қанға мұқтаж жандарды қолдауға уақыт табуы — ерекше құрметке лайық.
Алғыс сөздерімізді «01731 әскери бөлімі» РММ басшылығына және барлық әскери қызметші-донорларға белсенді өмірлік ұстанымы, жанашырлығы және өтеусіз донорлықты дамытуға қосқан үлесі үшін білдіреміз.
27 Қаңтар 2026
33









