07.01.2026
10:31

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
31 Желтоксан 2025
29

Мерекелік тағамнан мерекелік ғажайыпқа дейін


Жамбыл облыстық қан орталығында Жаңа жыл мерекесіне орай түрлі іс-шаралар мен қызықты байқаулар ұйымдастыру дәстүрге айналған. Биыл да бұл үрдіс өз жалғасын тауып, бұрын-соңды болмаған «Мерекелік тағамнан мерекелік ғажайыпқа дейін!» атты конкурс бастау алды.
Байқаудың басты мақсаты - корпоративтік рухты қалыптастыру, ұжымды біріктіру және қолайлы жұмыс атмосферасын құру.
Байқау шартына сәйкес командалар жаңажылдық кондитерлік өнімдерді, салаттарды және түрлі тағамдарды ұсынып, олардың негізгі ингредиенттері ретінде көкөністер мен шөптерді пайдаланды.

Конкурсқа барлығы 6 команда қатысып, өзара бақ сынады. Қатысушылардың өнерін қазылар алқасы бірнеше критерий бойынша бағалады. Атап айтқанда, өзіндік ерекшелік, креативтілік, дәм үйлесімділігі, көрнекі безендіру, байқау тақырыбына сәйкестік және саламатты өмір салтын насихаттау бағыттарына айрықша басымдық берілді.
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, байқау қорытындысы бойынша:
Донорларды жинақтау және дайын өнімді беру бөлімі - «Креативті әзірлеме үшін» номинациясы;
Сапаны басқару және ішкі аудит бөлімі - «Ең креативті безендіру» номинациясы;
Қан дайындау бөлімі - «Үздік жаңажылдық көкөніс тағамы» номинациясы;
Медициналық зертхана - *«Үздік шығармашылық номер» номинациясы бойынша марапатталды.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар , Алғыс хаттар және естелік кәдесыйлар табысталды.

Жамбыл облыстық қан орталығында Жаңа жыл мерекесіне орай түрлі іс-шаралар мен қызықты байқаулар ұйымдастыру дәстүрге айналған. Биыл да бұл үрдіс лайықты жалғасын тауып, бұрын-соңды болмаған «Мерекелік тағамнан мерекелік ғажайыпқа дейін»! атты конкурс басталып кетті. Мұндағы басты мақсат-корпоративтік рухты қалыптастыру, ұжымды біріктіру және қолайлы атмосфера құру.
Байқаудың шарты бойынша командалар жаңажылдық кондитерлік өнімдерді, салаттарды, түрлі тағамдарды ұсынып, олардың негізгі ингредиенттері ретінде көкөністер мен шөптерді пайдалануы керек.
Конкурсқа барлығы 6 команда қатысып, өзара бақ сынады. Бармағынан бал тамған үміткерлердің өнерін қазылар алқасы бірнеше критерий бойынша бағалады. Бұл тұрғыда өзіндік ерекшелік, креативтілік, дәмдердің жалпы үйлесімділігі көрнекі безендіру, байқау тақырыбына сәйкестігі, саламатты өмір салтын насихаттау сияқты бағыттарға айрықша басымдық берілді.
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, байқау қорытындысы бойынша донорларды жинақтау және дайын өнімді беру бөлімінің командасы «Креативті әзірлеме үшін номинация», сапаны басқару және ішкі аудит бөлімі «Ең креативті безендіру», қан дайындау бөлімінің командасы, «Үздік жаңажылдық көкөніс тағамы» медициналық зертхана «Үздік шығармашылық номер», аталымдары бойынша марапатталды.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар, Алғыс хаттар мен естелік кәдесыйлар табысталды.

Add comment

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе