Бүгін осындай қос құрылымның өкілдері қан орталығына арнайы келіп, өтеусіз донорлықтың дамуына өзіндік үлестерін қосты. Әуелі Жамбыл облыстық Әділет департаментінің басшысы Мейіржан бастаманы қолдап, осы маңызды іске елеулі үлес қосты. Іс-шараны бас маман Айгерім Момбекова ұтымды ұйымдастыра білді. Келесі кезекте Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы сауапты да жауапты істің бел ортасынан табылды. Бірі әділеттілік қағидаттарын қалыптастырып, бірі қазынаның қоржынын толықтырып отырған жауапты мекемелердің мұқтаж адамдар үшін қан тапсыруға келуі, өтеусіз донорлықты дамытуға деген оң көзқарасы бізді бір серпілтіп тастады. Осы орайда департамент басшылары мен барша донорларға зор алғысымызды білдіреміз.
https://tarazdonor.kz/kz/zha-aly-tar/2347-egemen-elimizdi-damuynda-memlekettik-organdardy-at-aryp-zhat-an-yzmeti-shan-te-iz.html#sigFreeId860334d0a4








