ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Болат Копдикбаев қан орталығына келіп, донор болып, азаматтық жауапкершіліктің жоғары деңгейін танытты. Бұл - өзгелерге өмір сыйлауға бағытталған шынайы жанашырлықтың көрінісі.
Қан тапсыру - адам өмірін сақтап қалуда аса маңызды. Бір адамның тапсырған қаны бірнеше адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін. Сондықтан донор болу - үлкен жүректің, биік адамгершіліктің белгісі.
Сонымен қатар, аталған іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырып, оның мазмұнды әрі сәтті өтуіне үлес қосқан бас маман Саят Төлепбергеновке ризашылығымызды білдіреміз. Ұйымдастырушылық шеберлігі мен жауапкершілігі көпке үлгі.
Осындай игі бастамалар көбейіп, жақсылық жолындағы қадамдар жалғасын таба берсін! Баршаңызға зор алғыс!
https://tarazdonor.kz/kz/zha-aly-tar/2345-b-gin-igi-isti-lgisin-k-rsetken-erekshe-k-n-boldy.html#sigFreeId2c81577acd








