15.12.2025
14:41

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
13 Желтоксан 2025
8

Өнеркәсіп саласында өзіндік орны бар «НДФЗ»

Өнеркәсіп саласында өзіндік орны бар «НДФЗ» ЖШС Жамбыл филиалы – өңірдің өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып келе жатқан іргелі өндіріс ошақтарының бірі.
Зауыт қазынаға қомақты салық түсімдерін төлеп қана қоймай, жүздеген жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Химия өнеркәсібінің көшбасшысы саналатын зауытта елдің ертеңі мен қоғамның мүддесін ойлайтын жанашыр азаматтар аз емес.

Оған бүгін Жамбыл облыстық қан орталығының жылжымалы бригадасы барған кезде тағы бір мәрте көз жеткіздік.
Химиктер таң азаннан топ-тобымен қан тапсырып, тағылымы мол істің ұйытқысы бола білді.
Осылайша сала мамандары қым-қуыт жұмыстан уақыт тауып, жақсылықтың жаршысына айналды.

Бұл, әрине, көпке үлгі болатын бастама.
Осы орайда, мұқтаж адамдарға қол ұшын созып, донорлық қозғалыстың дамуына үлкен үлес қосқан «НДФЗ» ЖШС Жамбыл филиалының Бас директоры Адиль Ровшан Оглына және барша донорларға зор алғысымызды білдіреміз.

Add comment

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе