Расында да көргені мен көкейге түйгені мол қариялардвң көкірегі тұнған қазына. Осы орайда бүгін Жамбыл облыстық қан орталығында ұрпақтар сабақтастығы салтанат құрған әсерлі кездесу ұйымдастырылды.
Есімі елге белгілі ардақты ардагерлерді орталық директоры, Гулам Умаров қарсы алып, мекеме тарихынан бастап кеңінен таныстырылым жасады.
Кездесудің мақсаты-ардагерлердің өмірлік тәжірибесі мен өлшеусіз еңбегін жоғары бағалау, олардың қоғамға қосқан зор үлесі үшін алғыс білдіру, сондай-ақ «2025 жылға арналған Жамбыл облыстық қан орталығының негізгі көрсеткіштері мен жетістіктері. Қызметінің қорытындылары» тақырыбындағы ақпаратпен бөлісу.
Іс-шара барысында:
-
Ардагерлер Қан орталығының қызметімен танысып, арнайы экскурсияға қатысты;
-
Қан орталығының директоры Умаров Г.М. ардагерлерге арнап құттықтау сөз сөйлеп, медициналық қызметтердің дамуы мен жаңа жетістіктері туралы мәліметтермен бөлісті.
Өз кезегінде ардагерлер қауымы да көрсетілген құрмет үшін ризашылықтарын білдіріп, емен-жарқын әңгіменің тиегін ағытты.
Алдағы уақытта осындай кездесулерді дәстүрлі түрде өткізу жоспарлануда.
https://tarazdonor.kz/kz/zha-aly-tar/2340-khaly-danaly-ynda-auyly-da-arty-bolsa-zhazuly-t-r-an-khatpen-te-degen-s-z-bar.html#sigFreeIdef03ae17d6








