Жамбыл облыстық қан орталығының жұмысына арналған брифинг
Бүгін, 8 желтоқсан күні сағат 12:00-де, Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында
«2025 жылға арналған Жамбыл облыстық қан орталығының негізгі көрсеткіштері мен жетістіктері. Қызметінің қорытындылары» тақырыбында брифинг өтті.
Іс-шара спикері — орталық директоры Умаров Гулам Мұхтарұлы мекеменің негізгі көрсеткіштері, жұмыс нәтижелері және қол жеткізген жетістіктері туралы кеңінен баяндады.
-
Орталық жұмысының негізгі бағыттары таныстырылды
-
Медициналық ұйымдарды қан компоненттерімен қамтамасыз ету бойынша деректер ұсынылды
-
Жылдық қызмет қорытындылары шығарылып, алдағы даму жоспарлары белгіленді
Жамбыл облыстық қан орталығы заманауи технологияларды енгізуді, қан компоненттерді дайындау сапасы мен қауіпсіздігін арттыруды, сондай-ақ өңірдегі донорлық қозғалысты кеңейтуді жалғастыруда.
Адам өмірін сақтауға үлес қосып жүрген барлық жанашыр донорлар мен серіктестерге алғыс білдіреміз!








