Қан – өмірдің қайнар көзі. Ал мұқтаж жандар үшін қан тапсыру – адам өмірін сақтап қалудың ең қарапайым, бірақ ең маңызды жолдарының бірі.
Осы орайда Жамбыл обаға қарсы күрес станциясының ұжымы адам өміріне араша болатын ізгі іске атсалысып, қан тапсыру акциясына бір кісідей жұмыла қатысты. Сала мамандары өздерінің күнделікті жұмысында да адамзаттың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен , ерікті түрде қан тапсырып, тағы бір мәрте жанашырлық пен адамгершіліктің жарқын үлгісін көрсетті.
Бұл бастама–– жүректен жүрекке жол тартқан мейірімділік пен үміттің белгісі. Осы арқылы патриоттық пен парасаттылықты іспен дәлелдеп, көпке өнеге көрсете білді.
Біз осы орайда сауапты іске ұйытқы болған станция басшысы Әліпбек Шахабалиұлына, аталмыш іс-шараны ұйымдастырған Қайрат Рыстанбекұлына және барша донорларға зор алғысымызды білдіреміз.









