Өмір болған соң әртүрлі жағдайлардың кездесетіні ақиқат. Тағдырдың тосын сынағына тап болған жандардың жағдайы ешкімді бейжай қалдырмайды. Осындай сәттерде қиналғанға қол ұшын созуға дайын тұратын жандарды қалай дәріптесек те жарасады.
Сол ізгі істің жарқын үлгісі – ерікті түрде қан тапсыратын донорлар. Донор болу – нағыз патриоттық, жанашырлық пен адамгершіліктің көрінісі.
Бүгін 1-арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының басшысы Гүлжаухар Кұшанованың бастамасымен мекеме ұжымы ұйымшылдық танытып, қан тапсыру шарасына қатысты. Іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған бас медбике Зухра Маханқызына ерекше алғыс айтамыз.
Ізгілікті іске атсалысып, қамқорлық пен қайырымдылықтың үлгісін көрсете білген мекеме басшылығы мен әріптес донорларымызға шынайы ризашылығымызды білдіреміз.
Бір тамшы қан – бір өмірге үміт!









