Қазіргі таңда медицинада толық қанды бөлшектеу немесе аферез әдісі арқылы алынған негізгі қан компоненттері кеңінен қолданылады. Әрбір компонент өз көрсеткіштері бойынша қолданылады.
Негізгі қолданылатын қан компоненттері
1. Эритроциттік масса (ЭМ / Эритроциттік взвесь)
Қолданылады:
• Әртүрлі генездегі анемияларда
• Жедел және созылмалы қан кетулерде
• Ауыр операциялар, жарақаттар және күйіктер кезінде
2. Плазма:
• Жаңа мұздатылған плазма (ЖМП) – жиі қолданылады.
Қолданылады:
• Коагулопатияда
• ДВС-синдромда
• Жедел қан кетулерде
• Бауыр ауруларында
3. Тромбоцитарлық масса
Тағайындалады:
• Тромбоцитопения және тромбоцитопатияның әртүрлі түрлерінде
• Химиотерапияға дайындықта
• Жедел қан кетулер мен ауқымды операцияларда
• Тромбоцитарлық гемостаздың бұзылыстарында
4. Криопреципитат
Құрамында VIII, XIII факторлар, фибриноген, вФ бар.
Қолданылады:
• Гемофилия А
• Гипофибриногенемия
• Жаппай қан кетулерде
Қорытындысында, әр компоненттің өзіндік көрсеткіштері бар және медициналық протоколға сәйкес қатаң түрде қолданылады.









