Донорлық қан компоненттерінің бірі - тромбоцит жасушалары. Тромбоциттер қан тамырларының зақымдану орындарында тромб түзу арқылы гемостаз (қан кетуді тоқтату) сияқты негізгі функцияларды орындайды, сонымен қатар тіндердің регенерациясына және иммундық процестерге қатысады. Олар қан тамырларының тонусын сақтайтын, жаңа қан тамырларының өсуін ынталандыратын, жараларды емдеуге қатысатын және инфекциялармен күресетін заттарды шығарады.
Қанды дайындау бөлімінде тромбоциттер концентраты дайындалады, оның құрамында бүтін қаннан немесе аферез әдісімен алынған көп мөлшерде тромбоциттер болады. Қанның бұл компоненті тромбоциттердің айқын жетіспеушілігі (тромбоцитопения) және соған байланысты қан кетулер кезінде науқастарды емдеуде қолданылады. Ол бір донордан (аферез әдісімен) немесе бірнеше донордың бүтін қанынан алынуы мүмкін, бұл терапиялық тиімді тромбоцит дозасын алуға мүмкіндік береді.
Негізгі сипаттамалары
Құрамы:
Тромбоцит концентратында қан плазмасында немесе арнайы ерітіндіде жүзінділі концентрленген тромбоциттер болады.
Дайындау тәсілі:
- Аферез әдісімен: арнайы аппарат бір донордың қанынан тромбоциттерді бөліп алады да, қалған қан компоненттерін донордың ағзасына қайтарады.
- Бүтін қаннан: бірнеше донордың бүтін қанынан тромбоциттер дайындалып, бір пулға біріктіріледі.
Қолданылуы:
Тромбоциттер деңгейі сындарлы төмендеген ауруларда, мысалы, айқын тромбоцитопенияда, қан кетулерде, сондай - ақ тромбоцитопениямен туылған жаңа туған балаларда қолданылады.
Сақтау мерзімі:
Сақтау мерзімі дайындау әдісіне байланысты және 5 - тен 7 тәулікке дейін болады. +20 - +24 °C температурада сақталады.









