30.10.2025
00:16

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
24 Қазан 2025
25

Бұл құжат – тәуелсіздікке бастар жолдағы алғашқы әрі шешуші қадам болды

1990 жылдың 25 қазанында еліміздің тарихындағы маңызды құжат Мемлекеттік егемендік туралы Декларация қабылданды. Бұл құжат – тәуелсіздікке бастар жолдағы алғашқы әрі шешуші қадам болды. Декларацияда Қазақстан🇰🇿 аумағының тұтастығы, экономика, мәдениет, тіл, сыртқы саясаттағы дербестік жарияланды. Ең бастысы – Қазақстанда тұратын барлық ұлт пен ұлыс өкілдерінің теңдігі мен татулығы басты құндылық ретінде белгіленді. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнінің егемен еліміздің тарихындағы мән-маңызын арттырып, ұлттық мереке ретінде бекітті.
Бүгін Жамбыл облыстық қан орталығында осынау айтулы мерекеге арналып салтанатты жиын өтті. Әуелі Мемлекеттік Әнұран орындалып, ұжым мүшелері қосыла шырқады. 
Салтанатты сәтте қан орталығының директоры Гулам Умаров құттықтау сөз сөйлеп, тәуелсіздік ұғымы туралы тағылымды ойларымен бөлісті. Ел дамуы жолында еселі еңбек етіп жатқан әріптестер қауымына ақжарма тілегін арнап, ізгі лебізін білдірді.
Мерекелік шарада әріптесіміз Нұрсұлу Құлабекова денсаулық сақтау саласындағы жемісті еңбегі мен еліміздің денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Қазастан Республикасы 🇰🇿Денсаулық сақтау министрінің Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар тағы бір әріптесіміз Гүлбану Садықова Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Алғыс хаты тапсырылды.
Іс-шара ары қарай концерттік бағдарламаға ұласты.

Add comment

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе