30.10.2025
00:08

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
22 Қазан 2025
24

Жамбыл облысында АПВ-ға қарсы екпе туралы журналистерге арналған семинар өтті

Бүгін Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы Өкілдігімен бірлесіп, журналистерге арналған «АПВ қарсы екпе туралы сұрақтар мен жауаптар» атты семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты – жатыр мойны обырының алдын алу және адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы екпенің маңыздылығы туралы халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында Жамбыл облысы белсенділерінің, оның ішінде дәрігерлердің, блогерлер мен журналистердің күш-жігерін біріктіру.

Жамбыл облыстық қан орталығында өткен іс-шараға облыстық және қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері, Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының, денсаулық сақтау басқармасының, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті аумақтық департаментінің, облыстық онкологиялық диспансердің, Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ұйымы Өкілдігінің өкілдері қатысты.

Маңызды жиында ДДҰ иммундау бағдарламасының Қазақстандағы ұлттық үйлестірушісі Қанат Суханбердиев, ҚР ДСМ «Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының директоры Айнагүл Қуатбаева, ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының жұқпалы аурулар департаментінің директоры Мейірім Сұлтанова, дәрігер акушер-гинеколог Зоя Ан, республикалық Алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының жауапты қызметкерлері Елдар Белгіжанов, Наргиза Таирова, ДДҰ вакцинацияға сұраныс пен келісімді арттыру бағдарламасының Қазақстандағы ұлттық үйлестірушісі Сәуле Қасымова, онкогинеколог Гүлжан Тайтелі, Жамбыл облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығы директорының орынбасары, Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының консультативтік-әдістемелік орталығының басшысы, Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс эпидемиологы.Гүлфайра Мырзабекова спикер ретінде сөз сөйледі.

Сонымен қатар денсаулық сақтау саласының білікті мамандары Жамбыл облыстық қан орталығының ғимаратын аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен, қолданыстағы заманауи құрал-жабдықтармен танысты.

Бұл басқосу қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы жетекші сарапшылардан шынайы әрі дәлелді ақпарат алуға, сондай-ақ өңірлік медиакеңістікте АПВ-ға қарсы вакцинация тақырыбын сапалы әрі дұрыс жеткізуге мүмкіндік берді.

Add comment

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе