02.10.2025
03:52

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
01 Қазан 2025
6

Бүгін Айтқазы Қарабалаев қайтадан донор атанды!

Бүгін Жамбыл облысы әкімдігі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Айтқазы Қарабалаев кезекті рет қан орталығына келіп, ерікті донорлардың қатарынан табылды.

 Жалпы, қан тапсыру-сауапты әрі жауапты іс. Әрбір саналы азамат донор болу арқылы дертіне дауа іздеген жандарға дем береді. Үміт отын жағып, ертеңге деген сенімін нығайтады. Осылайша мұқтаж адамдардың мұңын сейілтіп, өмірін арашалап қалуға атсалысамыз. Қарлығаштың қанатымен су сепкендей жасаған жақсылығы күні ертең еселеп қайтатындығы сөзсіз. Қамыққанға қол ұшын созып, жабыққанға жалау болатын мұндай азаматтарды бүгінгі күннің батырлары деуге де болады.

Осы орайда тұрақты түрде қан тапсырып, қайырымдылық танытып жүретін  жандардың ісі көпке үлгі екендігі сөзсіз. Біз қым-қуыт жұмысынан уақыт тауып, арнайы келген Айтқазы Дәулетқұлұлына зор алғысымызды білдіреміз.

Add comment

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе