02.10.2025
03:52

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
01 Қазан 2025
5

«Қарты бар үй – қазыналы үй»

Халқымыз әрдайым  қарттарын  ерекше қадірлеген, үлкенге құрмет көрсетуді өмірлік ұстаным еткен. «Қарты бар үй – қазыналы үй» деп тегін айтпаса керек. Қарттар – өткеннің куәсі, өмірдің мектебі, ұрпаққа бағыт берер шамшырағы. Олардың жинаған тәжірибесі мен өмірлік ақыл-кеңестері – кейінгі буын үшін баға жетпес мұра. Бүгінгі таңда да қарттарға деген құрмет – қоғамымыздың рухани деңгейінің көрсеткіші.

Осы орайда 1990 жылғы 14 желтоқсанда  Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында 1 қазан Халықаралық Қарттар күні ретінде ресми бекітіліп, 1991 жылдан бері  тойланып келеді. Бүгінде  елімізде 2,3 миллионнан астам қарт бар. Аталған мерекенің мақсаты – қарттардың қоғам мен мемлекет алдындағы еңбегін құрметтеу, олардың мәселелері мен қажеттіліктеріне және өмір сапасын арттыруға назар аудару әрі қамқор болуды көздейді.

Жыл сайын аталған мереке күні құзырлы органдар және облыс, қала, аудан әкімдері, жекелеген мекеме-кәсіпорындар қарттарды құттықтап жатады, түрлі форматта мерекелік шаралар ұйымдастырылып келеді. Бұл үрдіс Жамбыл облыстық қан орталығында да лайықты жалғасын табуда.

Осы орайда орталық директоры Гулам Умаров ардақты ардагерлерді халықаралық Қарттар күнімен құттықтап, 🤝сый-құрмет көрсетті. 💐Өз кезегінде аға буын өкілдері де ізгі лебізін жеткізіп, ризашылықтарын білдірді.🌺

Add comment

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе