20.10.2025
11:00

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
18 Қыркүйек 2025
38

«Апаттар медицинасы орталығы»

🔰Апаттар медицинасы орталығы құрылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін төтенше жағдайлардан зардап шеккен адамдарға медициналық көмек көрсетуге байланысты маңызды, әрі жауапты міндеттерді тиімді шешуде.                                                 

📍Республиканың барлық өңірлерінде құрылған және жоспарлы түрде дамып келе жатқан орталықтың күштері мен құралдары тұрақты дайындық қызметінің белсенді авангардына және елдің азаматтық қорғау жүйесінің ажырамас бөлігіне айналды.

Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасы 🇰🇿Төтенше жағдайлар министрлігі «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің Жамбыл облысы бойынша филиалы да ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Басты мақсат-адамдарға көмектесу. Осы ұстанымды бағдар еткен филиал қызметкерлері  Жамбыл облыстық қан орталығына келіп, 🏥жақсылықтың жаршысы бола білді.

Мекеме мамандары мұқтаж жандардың сауығып кетуіне тілектестік білдіріп, донорлық қозғалысқа лайықты үлестерін қосты. Осы орайда біз қауырт жұмыстан уақыт тауып, арнайы ат басын бұрған донорларға риясыз ризашылығымызды білдіреміз.🤝🏻🙏

Add comment

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе