15.09.2025
10:32

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
10 Қыркүйек 2025
7

Ұлт денсаулығы - ел болашағының кепілі!

Елімізде денсаулық сақтау саласын дамытуға баса назар аударылып келеді. Кеше Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты халқына Жолдауында да осы бағыттағы нақты міндеттерді айқындап берді.

Өз кезегінде ақ желеңді абзал жандар да аянып жатқан жоқ. Медицина мамандары ұлт саулығын нығайту жолында тынымсыз тер төгіп, табандылықпен еңбек етуде. Әріптестеріміздің өздеріне жүктелген міндеттермен шектелмей, қан орталығына келіп донорлар қатарынан табылуы да бізді айрықша қуантады. Бұған дейін облыстағы қаншама емдеу - алдын алу мекемелері жақсылықтың жаршысы болып, мұқтаж жандардың мұңын сейілтуге үлес қосты. Бүгін осы ізгілікті істі Тараз қалалық көпбейінді балалар ауруханасының ұжымы жалғап, қамқорлық пен қайырымдылықтың үлгісін көрсетті.

Аурухана қызметкерлері рет - ретімен қан тапсырып, көмек қолын созды. Осы орайда барша донорларға дән ризашылығымызды білдіреміз. Сонымен қатар іс - шараның жоғары деңгейде өтуіне жан - тәнімен атсалысқан Айнұр Омарованың еңбегін ерекше атап өткен жөн. 

Дана халқымыз «Жақсылыққа жақсылық - әр адамның ісі» деп тектен тек айтпаған. Қамшының сабындай қысқа ғұмырда қолымыздан келгенше бір - бірімізге қолдау көрсетіп, адами асыл қасиетімізді таныта білейік.

Add comment

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе