15.09.2025
10:36

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
10 Қыркүйек 2025
7

Темір жол - тынымсыз тіршілік кепілі

Болат жолдың бойы қай кезде де қарбаласқа толы. Ел экономикасын дамытуда маңызды рөл атқаратын салада майталман мамандар еңбек етеді. Мұнда әрбір құрылымның өзіне жүктелген міндеті бар. Осы орайда «Қазақстан Темір жолы ҰК» АҚ - «Тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі Жамбыл технологиялық орталығы» да сенім үдесінен көрініп, ауызбіршілігі жарасқан ұжым ретінде көптің ықыласына кенеліп жүр.

Бүгін аталған орталық ырыс алды ынтымақта екенін тағы бір мәрте дәлелдеп, бірауыздан Жамбыл облыстық қан орталығына келді. Сөйтіп кезек - кезегімен қан тапсырып, сауапты да жауапты миссияны ойдағыдай атқарды. Әріптестердің ортақ тақырыптағы әңгімелері де сондай жарасымды. Шын ниетпен келіп, ізгі тілектерін арнаған мамандар медицина қызметкерлерінің де көңілін көкке көтеріп тастады. Біз қым - қуыт жұмыстан арнайы уақыт бөліп, донорлық қорғалысқа өзіндік үлестерін қоса білген «Қазақстан Темір жолы ҰК» АҚ - «Тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі Жамбыл технологиялық орталығының» басшысы Ербол Ауғанбайұлы Сұлтанғалиевке және барша ұжым мүшелеріне зор алғысымызды білдіреміз.

p>

Add comment

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе