15.09.2025
10:29

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
04 Қыркүйек 2025
17

🩸 Қан – ешбір зертханада жасалмайтын, тек адам ағзасында болатын баға жетпес ресурс.

🩸 Қан – ешбір зертханада жасалмайтын, тек адам ағзасында болатын баға жетпес ресурс.

Өмір болған соң кейде адамдар қанға және оның компоненттеріне мұқтаж болып жатады. Бұл тұрғыда ерікті донорлық ерлікпен парапар іс екенін мойындауымыз керек.

Негізінде донор болу арқылы біз бірнеше адамның өмірін сақтап қалуға көмектесеміз. Өз ағзамыздың саулығын тексертіп әрі  қан айналымын жақсартамыз. Күн сайын Жамбыл облыстық қан орталығына келіп, өтеусіз донорлыққа өзіндік үлесін қосып жататын азаматтардың өнбойынан осындай оң өзгерістерді көріп қуанамыз.

Бүгін жақсылықтың жаршысындай болып Жамбыл облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ұжымы да біркісідей қан тапсырып, көпке үлгі көрсетті. Осы орайда біз департамент бастығы,  әділет подполковнигі Жәнібек Жамалбекұлына және барша донорларға зор алғысымызды білдіреміз.

Расында да донор болу адами асыл парыз десек артық айтқанымыз емес.

Қан тапсыру жүректің кеңдігін, парасаттылықты, жанашырлықты білдіреді. Қым-қуыт қызметтен уақыт тауып, көмек қолын созуға асыққан сала мамандарынның парасаттылығы мен патриоттығы көпке өнеге екендігі сөзсіз.

Add comment

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе