24.08.2025
17:49

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
15 Тамыз 2025
22

Қазіргі заманның жаһандық өзгерістері мен табиғи, техногендік қатерлердің артуы төтенше жағдайлар саласының маңызын бұрынғыдан да арттыра түсті.

Қазіргі заманның жаһандық өзгерістері мен табиғи, техногендік қатерлердің артуы төтенше жағдайлар саласының маңызын бұрынғыдан да арттыра түсті. Табиғи апаттар, өндірістік жарылыстар, өрт, су тасқыны, жер сілкінісі сынды күтпеген жағдайларда адам өмірі мен қауіпсіздігін сақтау - мемлекет үшін аса жауапты міндет. Осы орайда төтенше жағдайлар саласы тек құтқару жұмыстары ғана емес, сонымен қатар қауіптің алдын алу, халықты ақпараттандыру мен оқыту, жүйелі жоспарлау сынды маңызды қызметтерді атқарады. Бұл сала қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етуде ерекше орын алады және күнделікті өміріміздің қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.

Тараз қалалық  төтенше жағдайлар басқармасы да осынау маңызды міндеттерді асқан жауапкершілікпен атқарып келе жатқан мекемелердің бірі. Бүгін ұжым қызметкерлері қым-қуыт жұмыстарынан уақыт тауып, Жамбыл облыстық қан орталығына арнайы келді. Көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, өтеусіз донорлықтың дамуына өзіндік үлестерін қосты. Бұл бастамаға  төтенше жағдайлар басқармасының бастығы,  азаматтық қорғау полковнигі Ербол Әміров лайықты қолдау көрсетті. Ал іс-шараны  басқарманың офицері Данияр Келіс  ұжымды ұйымдастыра білді.

Осы орайда жақсылықтың жаршысы болған Ербол Шалхарұлына, Данияр Жанатұлына және барша донорларға зор алғысымызды білдіреміз.

Add comment

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе