Бүгін Жамбыл облыстық қан орталығының мамандары донорлық қан мен оның компоненттерін клиникалық қолдануды бағалау мақсатында кезекті мониторинг жүргізді.
Сапардың негізгі мақсаты — трансфузиялық терапия практикасын және пациенттерге қан құю кезінде қолданылатын стандарттар мен хаттамалардың сақталуын талдау.
Медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған кешенді жұмыс аясында Жамбыл облыстық қан орталығы өңірдегі медицина ұйымдарында клиникалық трансфузиологияны дамыту мақсатында үнемі ұйымдастырушылық-әдістемелік іс-шаралар өткізіп отырады.
Жұмыс тобының құрамында:
1 Донорларды жинақтау және дайын өнімді беру бөлімінің меңгерушісі Е. Тимурулы,
2 Бас мейірбике Э.М.Ембаева,
3 Медициналық зертхана маманы – Жаппарбердиева А.Е.
Мұндай сапарлар қан құю қауіпсіздігі мен сапасын жақсартуға, сондай-ақ өңірдегі медициналық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді. 🩸 Жұмыс Жамбыл облысы денсаулық сақтау мекемелерінде донорлық қанды тиімді және ұтымды пайдалану жүйесін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді тәсіл аясында жалғасуда.
https://tarazdonor.kz/kz/zha-aly-tar/2249-zhosparly-monitoring-alaly-perinataldy-ortaly-ta-zhal-asuda.html#sigFreeId265a245542