🔍 Жоспарлы мониторинг Меркі аудандық орталық ауруханасында жалғасуда. Кеше Жамбыл облыстық қан орталығының мамандары донорлық қан мен оның компоненттерін клиникалық қолдануды бағалау мақсатында кезекті мониторинг жүргізді.
📌 Сапардың негізгі мақсаты - трансфузиялық терапия практикасын және пациенттерге қан құю кезінде қолданылатын стандарттар мен хаттамалардың сақталуын талдау.
✅ Медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған кешенді жұмыс аясында Жамбыл облыстық қан орталығы өңірдегі медицина ұйымдарында клиникалық трансфузиологияны дамыту мақсатында үнемі ұйымдастырушылық - әдістемелік іс - шаралар өткізіп отырады.
Жұмыс тобының құрамында:
1️⃣Донорларды жинақтау және дайын өнімді беру бөлімінің меңгерушісі Е. Тимурулы,
2️⃣Бас мейірбике Э.М.Ембаева,
3️⃣Аға зертханашы К.Қуанышбекова.
Мұндай сапарлар қан құю қауіпсіздігі мен сапасын жақсартуға, сондай-ақ өңірдегі медициналық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді. 🩸 Жұмыс Жамбыл облысы денсаулық сақтау мекемелерінде донорлық қанды тиімді және ұтымды пайдалану жүйесін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді тәсіл аясында жалғасуда.
https://tarazdonor.kz/kz/zha-aly-tar/2228-zhosparly-monitoring-merki-audandy-ortaly-aurukhanasynda-zhal-asuda.html#sigFreeId1dd083527f