04.07.2025
13:07

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
03 Шілде 2025
6

Бүгінгі күн — адамгершілік пен қайырымдылықтың шынайы үлгісін көрсеткен ерекше сәттердің бірі болды

Бүгінгі күн — адамгершілік пен қайырымдылықтың шынайы үлгісін көрсеткен ерекше сәттердің бірі болды.

Жамбыл облыстық көп бейінді онкология және хирургия орталығының ұжымы Жамбыл облыстық қан орталығына арнайы келіп, қан тапсыру арқылы мұқтаж жандарға үміт пен өмір сыйлады.

Бұл игі шара — қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті терең түсінетін, медицина саласының ақ халатты абзал жандарының шынайы жанашырлығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Орталықтың бас дәрігері Жандос Жандарбекұлы Сейдахметовтың бастамасымен жүзеге асқан бұл қайырымды іс — ұжымдық бірліктің, жанашырлықтың және адамгершіліктің жарқын көрінісі.

Қан — адам өмірін құтқаруда теңдесі жоқ байлық. Донор болу — бұл жай ғана көмек емес, бұл — үміт, бұл — өмір, бұл — жанға демеу.

Осындай асыл істерге атсалысқан дәрігерлер мен орталық қызметкерлеріне шексіз алғысымызды білдіреміз.

Сіздердің адал қызметтеріңіз, ізгі ниеттеріңіз бен шексіз жанқиярлықтарыңыз үшін жүрек жарды алғысымызды арнаймыз.

Осындай игі бастамалар көпке үлгі болары сөзсіз.

Add comment

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе