Көп жұмыстың ауырлығына қарамастан, олар басқаларды қолдау мен көмектің маңызын ұмытпай, қайырымдылық акцияларына белсенді қатысады. Осындай маңызды іс-шаралардың бірі - қан тапсыру, ол өмірді сақтап, үміт береді.
Бүгін Тараз қаласындағы №2 қалалық емхана ұжымы бірігу мен мейірімділіктің жарқын үлгісін көрсетіп, қан орталығына ұйымдасқан түрде барып, қан тапсыру акциясына қатысты. Бұл - үлгі тұтарлық іс-әрекет, айналаға үлгі болып, жақсылыққа үндейді. Донор болу - өмір сыйлау деген сөз. Әрбір берілген қан тамшысы кімде-кімнің денсаулығы үшін шешуші рөл атқаруы мүмкін. Бұл - нағыз көмек, жанашырлық пен адамгершіліктің, жоғары жауапкершіліктің белгісі.
Бас дәрігер Жеңіс Прмахановна Тойшыбековаға, акция ұйымдастырушысы Мира Төрекуловнаға және донорлыққа қатысқан барлық қызметкерлерге шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Сіздердің ерікті көмек мәдениетінің дамуына және мұқтаж жандарға қолдау көрсетудегі еңбектеріңіз зор құрметке лайық.
28 Маусым 2025
21