- Миф: Донорлық денсаулыққа зиянды, ағзаны әлсіретеді.
Шындық: Сау ағза қанды тез қалпына келтіреді. Белгілі бір мөлшерде қан тапсыру қауіпсіз әрі қан түзілуін ынталандыруы мүмкін. Әрбір қан тапсыру алдында міндетті медициналық тексеру жүргізіледі. - Миф: Қан тапсыру кезінде (ВИЧ, гепатит және т.б.) жұқтырып алуға болады.
Шындық: Бұл мүлде мүмкін емес. Барлық құрал-жабдықтар стерильді, бір рет қолданылатын және донордың алдында ашылады. Қолданылған материалдар жойылады. Донордың инфекция жұқтыру қаупі жоқ. - Миф:Бұл өте ауырады.
Шындық: Негізгі сезім — тамырдан қан алу кезінде иненің жеңіл тесуінен туындайды (қалыпты қан анализіне ұқсас). Қан тапсырудың өзі ауыртпалықсыз. Жағымсыз сезімдер минималды. - Миф: Қан тапсырып болғаннан кейін ұзақ демалу керек, жұмыс істеуге болмайды.
Шындық: Қан тапсырып болған күні ауыр физикалық жұмыстардан (спорт, ауыр зат көтеру) және ыстықтан (монша) аулақ болу ұсынылады. Алайда ақыл-ой жұмысына және жеңіл физикалық белсенділікке 1-2 сағат ішінде, кішкене демалып шай/шырын ішкеннен кейін қайта оралуға болады. Көптеген донорлар сол күні-ақ жұмысқа оралады. - Миф: Менің қаным жиі кездесетін топтағы қан, менің қаным қажет емес.
Шындық: Жиі кездесетін топтағы қан тұрақты және көп мөлшерде қажет, себебі сол топтағы науқастар саны көп. Сирек кездесетін топтағы қан да қажет, бірақ «жиі кездесетін топтағы» қанға деген сұраныс өте жоғары. - Миф: Мен тым қартпын / тым жаспын, донор бола алмаймын.
Шындық: Жасы 18-ден бастап дені сау кез келген адам донор бола алады . Салмағы кемінде 50 кг болуы тиіс. - Миф: Егер менде ЖРВИ, тұмау, аллергия болған болса, донор бола алмаймын.
Шындық: Көптеген аурулардан (ЖРВИ, тұмау) кейін уақытша шектеу беріледі. Аллергияның асқынусыз кезеңінде әдетте қарсы көрсетілім болып табылмайды. Қан тапсыру алдындағы медициналық тексеріс, сізге қан тапсыруға болатынын немесе болмайтынын анықтап береді. - Миф: Менде татуировка немесе пирсинг болса, мен ешқашан донор бола алмаймын.
Шындық: Татуировка немесе пирсинг жасалғаннан кейін уақытша шектеу (4 ай) беріледі. Бұл рәсім кезінде жұқтыру қаупінің минималды болуымен байланысты. Осы мерзім аяқталғаннан кейін инфекция жоқ болса, донор болуға болады. - Миф: Мен дәрі қабылдаймын / созылмалы ауруым бар, бірақ жеңіл формада — демек, донор болуға болмайды.
Шындық: Көптеген дәрілер мен созылмалы аурулар шынымен де қарсы көрсетілім болып табылады (абсолютті немесе уақытша). Алайда шешімді терапевт дәрігер медициналық тексеру кезінде қабылдайды. Кейбір жағдайларда (мысалы, бақыланатын гипертония) мен дәрілер донорлықты рұқсат етуі мүмкін. Әрқашан анкета мен дәрігердің сұрақтарына шын жауап беру қажет. - Миф: Қан тапсырып болған соң мен бірнеше күн бойы өзімді жаман сезінемін.
Шындық: Көптеген донорлар бірнеше сағаттан кейін өздерін жақсы сезінеді. Біраз уақытқа жеңіл шаршау сезілуі мүмкін. Қан тапсыру күні мен алдыңғы күні жақсы ұйықтап, жеңіл таңғы ас ішіп (ашқарынға емес!), процедураға дейін және кейін жеткілікті су ішіп, алкогольден аулақ болу маңызды. Ағза тез бейімделеді. - Миф: Донорлық толық 1 күн уақыт алады.
Шындық: Бүкіл процесс (тіркеу, анкета толтыру, медициналық тексеру, қан тапсыру, демалу және жеңіл тамақтану) шамамен 1-1,5 сағат алады. Тікелей қан тапсыру 10-12 минутқа созылады. - Миф: Егер мен жақында қан тапсырсам, менің көмегім қажет емес.
Шындық: Қан мен оның компоненттерінің сақталу мерзімі шектеулі (эритроциттер — 42 күнге дейін, тромбоциттер — 5-7 күн, плазма — мұздатылған күйде 3 жылға дейін). Сондықтан донорларға деген сұраныс тұрақты және үнемі. Тұрақты донорлар әсіресе құнды.
26 Маусым 2025
22