Мен Тоқтарбек Әсел Болатбекқызы, дәрігер терапевт. Менің ақ халатты абзал жандардың қатарынан болуымның бірде бір себебі: менің анам. Бала кезден анама қарап, бой түзеп, болашақта мен де дәрігер боламын деген арманыма қол жеткіздім.
Менің медицина саласына алғашқы қадамым 2012 жылы мектеп аяқтап, "Астана медицина университеті" АҚ "Жалпы медицина" факультетінен бастау алды. 2017 жылы бакалавр атанып, 2017 - 2019 жылдар аралығында "Ішкі аурулар" кафедрасында білімімді шыңдап, дәрігер терапевт дәрежесін алып шықтым.
Еңбек жолым 2019 жылы өзімнің туған жерімде Жуалы ауданындық орталық ауруханасы, терапия бөлімшесінде терапевт дәрігер ретінде бастау алды. 2020 - 2024 жылдар аралығында Айша бибі шипажайында терапевт болып жұмыс атқардым. 2024 жылдан бері Жамбыл облыстық қан орталығы, "Донор жинақтау және дайын өнімдерді беру" бөлімінде жұмысымды атқарып келемін.
Дәрігер болу жауапкершілікті, біліктілікті, білімді, жанашырлықты, адамгершілікті талап ететін мамандықтың бірі. Алдыңа көмек сұрап, бір үмітпен келген науқас адамның ризашылығын білдіріп, көңілі орнына түсіп, дауасына ем тапқаны ол үлкен жетістік. Менен профессионалдық тұрғыдан кеңес алушылардың күлімдеп алғыс айтқандары мені қанаттандырып, өзімнің мамандық таңдаудан қателеспегеніме көзім жетеді.
24 Маусым 2025
30