Адал еңбек қашанда адам баласын абырой биігіне жетелейді. Жамбыл облыстық қан орталығы директорының міндетін атқарушы Жұмакүл Нұрсаитова да ұзақ жылдар бойы денсаулық сақтау саласында жемісті еңбек етіп келе жатқан білімді басшы әрі білікті ұйымдастырушының бірі.
Бүгінде орталық жұмысын оң бағытта жандандырып отырған Жұмакүл Зеилдаевна медицина күні қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Төсбелгіні Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров табыс етті. Біз басшымызды мәртебелі марапатымен шын жүректен құттықтап, деніне саулық, отбасына амандық, әрбір бастаған ісіне сәттілік тілейміз.
https://tarazdonor.kz/kz/zha-aly-tar/2149-zh-mak-l-zeildaevna-meditsina-k-ni-yzmetkerlerini-k-sibi-merekesine-arnal-an-saltanatty-zhiynda-r-densauly-sa-tau-ministrligini-densauly-sa-tau-isine-os-an-lesi-shin-t-sbelgisimen-marapattaldy.html#sigFreeId8a73576fb4