Бүгін облыстық қан орталығында медицина саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында жүрекжарды лебіздер айтылып, медицина саласының дамуына өз үлесін қосып жүрген қызметкерлер марапатталды.
Ресми бөлімде Жамбыл облыстық қан орталығының директорының міндетін атқарушы Жұмакүл Нурсаитова Зеилдаевна құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілегін арнады.
—Бүгінгі мереке – сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің, науқас жандардың өміріне үміт сыйлаған істеріңіздің бағалануы. Сіздердің кәсібиліктеріңіз бен мейірімділіктеріңіз — ұлт денсаулығының кепілі», — деді өз сөзінде Ж.Нурсаитова.
Марапаттау рәсімі ерекше әсерге толы болды.
Салтанатты сәтте бірқатар медицина қызметкерлері түрлі марапаттарға ие болды.
Атап айтқанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен – Сұранова Алтынай, Жамбыл облысының әкімінің Құрмет грамотасымен – Такеев Омар марапатталды. Сол секіллі облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Алғыс хаты Косбакова Гаухар, Арықбай Айжан, Еңсебек Нұрай, Досбаева Бақытгүлге табысталды.
«Орталық Азия денсаулық сақтау саласының үздігі» халықаралық байқауының жеңімпазы ретінде — Косбакова Гаухар І дәрежелі дипломмен және төсбелгімен марапатталды.
«Үздік жас медицина қызметкері – 2025» номинациясы бойынша — Тойқараева Әйгерім, Қан орталығы басшысының Алғыс хатымен Отарова Фатима, Мейрамбекова Айзат, Диченко Руфина;
«SENIM» салалық кәсіподағының Құрмет грамотасымен Күлджабаева Айгүл марапатталды.
Салтанатты жиын соңында барша қатысушыларға алғыс білдірілді.
Медицина қызметкерлері күні – кәсіби мереке ғана емес, ел үшін қызмет етіп жүрген әрбір жанға ризашылық білдіру сәті. Ақ халатты абзал жандарға көрсетілген бұл құрмет – олардың ерен еңбегінің шынайы бағасы. Мерекелік іс-шара ұжымдық рухты нығайтып, қызметкерлерге зор шабыт сыйлады.
https://tarazdonor.kz/kz/zha-aly-tar/2147-a-khalatty-abzal-zhandar-a-rmet-k-rsetildi.html#sigFreeId3947af0cd4