Біз патриотизм туралы айтқанда пайымымызды пәлсапаға апарып тірейміз. Патриотизм жалаң ұранмен емес, жарқын істермен сабақтасуы керек. Қоршаған ортаны таза үстасақ, мұқтаж жандарға көмек қолын созсақ, міне сол патриотизм!
Заң мен тәртіпті сақтап, қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етсек, міне сол патриотизм!
Ерікті түрде қан тапсырып, елге пайдасын тигізіп жүрген азаматтардың ісі де нағыз ерлікпен пара-пар қадам. Бүгін Жамбыл облысының Полиция департаментінің ұжымы біркісідей ұйымшылдық танытып, жақсылыққа жаны құмар донорлар қатарынан табылды.
Тәртіп сақшылары “Донор күні” акциясы аясында өзге мекеме-кәсіпорындарға үлгі-өнеге көрсете білді. Осы орайда өтеусіз донорлықтың дамуына кезекті мәрте үлес қосып, сауапты іске ұйытқы болған департамент бастығы Бақытжан Әсембекұлына және барша донорларға зор алғысымызды білдіреміз.
https://tarazdonor.kz/kz/zha-aly-tar/2145-biz-patriotizm-turaly-ajt-anda-pajymymyzdy-p-lsapa-a-aparyp-tirejmiz.html#sigFreeId0633fce19d