Сіздерді Қазақстан Республикасының монополияға қарсы орган қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Әділ әрі адал бәсекелестікті қалыптастыру - елдің орнықты экономикалық дамуының басты шарты. Бұл бағыттағы әрқайсыңыздың монополияға қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етуге қосып жүрген үлестеріңіз жоғары бағаға лайық.
Сіздерге зор денсаулық, жаңа жетістіктер, алға қойылған міндеттерді табысты жүзеге асыруды және кәсіби жолда биік белестерді бағындыруды тілейміз! Республикамыздың игілігі жолындағы еңбектеріңіз әрдайым лайықты бағасын алсын!