2025 жылдың 2 - 9 маусымы аралығында М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің 6В05111 - «Медициналық - биологиялық іс» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері Жамбыл облыстық қан орталығында өндірістік тәжірибеден өтуде.
Тәжірибе барысында студенттер орталықтың негізгі зертханаларының жұмысымен танысады:
Иммуногематологиялық зертхана - қан топтарын, резус - факторды анықтау, реципиентке сәйкес донорлық қанды іріктеу.
Клиникалық және биохимиялық зертхана - гемоглобин және басқа да биохимиялық көрсеткіштер бойынша қан анализі.
ИХЛА зертханасы - В және С гепатиті, АИТВ, сифилис сияқты инфекцияларды анықтау.
ИФА зертханасы - жұқпалы ауруларға қарсы антиденелерді анықтау.
ПЦР зертханасы - қан арқылы жұғатын вирустардың ДНК/РНК - сын молекулалық деңгейде анықтау.
Студенттерге тәжірибе барысында жетекшілік жасап, білім мен тәжірибе үйретіп жүрген - Жамбыл облыстық қан орталығы зертханасының меңгерушісі міндетін атқарушы Ақмарал Ильясова.
Студенттер тәжірибе барысында:
- зертханалық диагностика алгоритмдерін,
- қауіпсіздік техникасын және биологиялық материалмен жұмыс істеу ережелерін,
- зертханалық құрал - жабдықтарды қолдануды меңгереді.
Бұл тәжірибе қан орталығы үшін де пайдалы:
- мамандарға қолдау көрсетіледі,
- болашақ кадрлар даярлауға үлес қосылады,
- жастар арасында донорлықты насихаттау жүзеге асады.
Тәжірибе барысында алған теориялық және практикалық білім студенттердің кәсіби тұрғыдан өсуіне және маман ретінде қалыптасуына зор ықпал етеді.
05 Маусым 2025
45