02.07.2025
17:11

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
05 Маусым 2025
28

Қан тапсыру - өмірге үміт беру.

Қиналған адамға қол ұшын созу - нағыз адамгершіліктің белгісі. Осы орайда Жамбыл облыстық қан орталығына күн сайын ағылып келіп жатқан донорларды көргенде кеудемізді қуаныш сезімінің кернейтіндігі сөзсіз. Нағыз жанашыр адамдар жоқ емес, бар. Соған шүкір дейміз. Міне, бүгін осы сөзіміздің бір дәлелі ретінде “Жусан Банк” акционерлік қоғамы облыстық филиалы сату бөлімінің басшысы Қанат Қаңтарбаев арнайы келіп, сауапты да жауапты істің басы - қасынан табылды. Өз кезегінде Қанат Айтжанұлы: "Қан - адам өмірінің ажырамас бөлігі. Жыл сайын миллиондаған адам донорлардың көмегіне мұқтаж болып жатады. Бұл тұрғыда жүйелі түрде қан тапсыру - сауапты іс. Мұны мен әлеуметтік жауапкершілік деп білемін" деген пікірімен бөлісті. Осы орайда біз жақсылық жасаудан аянып қалмайтын ақжүрек азаматқа зор алғысымызды білдіреміз.

Add comment

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе