Инфекциялық қауіпсіздік — донорлар мен реципиенттердің денсаулығын қорғауға бағытталған денсаулық сақтау жүйесінің негізгі элементтерінің бірі. Науқасқа құйылмас бұрын, донор қаны бірнеше кезеңнен тұратын тексеруден өтеді, бұл жұқпалы аурулардың берілу қаупін барынша төмендетуге мүмкіндік береді.
Донор қанына инфекцияларға скрининг Жамбыл облыстық қан орталығында донор қаны ВИЧ, В гепатиті, С гепатиті және мерезге зерттеу екі кезеңде жүргізіледі:
Бірінші кезең — антиденелер мен антигендерді анықтау мақсатында серологиялық скрининг (ИХЛА әдісі) Alinity (АҚШ) автоматтандырылған жабық жүйесінде жүргізіледі.
Екінші кезең — ДНҚ/РНҚ вирустарын анықтауға бағытталған ПТР-зерттеу Cobas (Швейцария) автоматтандырылған жүйесінде жүргізіледі. Бұл зерттеу тек бірінші кезеңнің теріс нәтижесінде ғана жасалады.
Бұл тәсіл инфекцияларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік беріп, донор қанының жоғары деңгейде қауіпсіз болуын қамтамасыз етеді.
Заманауи технологиялар мен қатаң бақылаудың арқасында Жамбыл облыстық қан орталығында дайындалған донор қаны — науқастар үшін сенімді әрі қауіпсіз.