Жайдары жаз мезгілін жеткіншектердің бәрі асыға күтетіндігі белгілі. Әсіресе, 1 маусым -ерекше мереке. Бұл күні Халықаралық балаларды қорғау күні кең көлемде аталып өтеді. Әрбір ата-ана өз перзенттерін қуантуға, оларға шат-шадыман көңіл күй сыйлауға тырысады. Осы орайда Жамбыл облыстық қан орталығында да жақсы дәстүр қалыптасқан.
Әр жыл сайын мекеме қызметкерлерінің 5-14 жастағы балаларына басшылық тарапынан түрлі сыйлықтар табысталады. Игі үрдіс биыл да өз жалғасын тауып, жеткіншектерге доп тарту етілді. Бұл “Қуанса, бала қуансын” деген ниеттен туған қадам еді. Шын мәнінде мерекелік сыйлық балалардың бәріне ұнады. Ата-аналар да дән ризашылықтарын жеткізді. Егемен еліміздің ертеңі саналатын бүлдіршіндер аман-есен өсіп, жарқын жетістіктерімен қуанта берсін!
https://tarazdonor.kz/kz/zha-aly-tar/2121-uansa-bala-uansyn.html#sigFreeId7a810856d7