Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Химиктер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Химия өнеркәсібі - еліміздің жетекші салаларының бірі. Бұл сала шикізат пен материалдарды терең өңдеуде, әсіресе химиялық әдістерді кеңінен қолданатын өндіріс кешенін қамтиды. Бүгінгі таңда отандық химия өнеркәсібінің өнімдері жоғары сапасымен және экспорттық әлеуетімен ерекшеленеді. Саланың қарқынды дамуы - Сіздердің күнделікті жанқиярлық еңбектеріңіздің нәтижесі.
Осы мерейлі мереке күні Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге мол табыс тілейміз!
26 Мамыр 2025
29