02.07.2025
16:53

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
23 Мамыр 2025
38

Жұмахан Мұқашұлы бүгін кезекті рет өтеусіз донорлыққа өзіндік үлесін қосып, ізгілікті істің ұйытқысы бола білді.

Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты, белгілі кәсіпкер, меценат Жұмахан Танкебаев - есімі елге танымал азаматтың бірі. Қай кезде де қоғамдық істердің бел ортасынан табылып, көптің көкейіндегі мәселелерді өткір көтеріп жүретін халық қалаулысының қайырымдылық шараларынан да қалыс қалған кезі жоқ.
Әсіресе, қым - қуыт тірлігінен уақыт тауып, қан тапсыруға келетін қасиеті ел - жұртқа үлгі.
Жұмахан Мұқашұлы бүгін кезекті рет өтеусіз донорлыққа өзіндік үлесін қосып, ізгілікті істің ұйытқысы бола білді.
Жақсылық жасауға асығып тұратын жанашыр жанға орталық қызметкерлері де дән риза.
Расында да, донор болу - нағыз патриоттықтың белгісі . Мұның өзі атаның қанымен, ананың сүтімен ұштасып жатқан тәрбиенің жемісі.
Осы орайда біз мейірімділікті, адалдықты, кеңпейілділікті сөзбен емес, іспен дәлелдеп жүрген Жұмахан Мұқашұлына зор алғысымызды білдіреміз.

Add comment

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе