Жамбыл облыстық қан орталығында қай кезде де қарбалас жұмыс Аймақтағы емдеу - алдын алу мекемелерін қан және оның компоненттерімен қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастыру шараларымен қатар ақпараттық - түсіндіру жұмыстары да жүйелі жүргізіледі. Осындай оңды істердің нәтижесінде донорлар қатарының көбейіп жатқандығы бізді қуантады.
Мысалы, бүгін «Apple City Corps» ЖШС директорының орынбасары Лариса Толмачева бастаған ұжым мүшелері мекемемізге арнайы келіп, қан тапсырды.
«Apple City Corps» ЖШС - отандық кәсіпкерлік саласындағы іргелі компаниялардың бірі. Серіктестік бүгінде жұмыс ауқымын кеңейтіп, еліміз бойынша жемісті қызмет көрсетіп келеді. Осындай қауырт жұмыстарға қарамастан шынайы ықыласпен ат басын бұрып, мұқтаж жандарға қол ұшын созуға келген Лариса Константиновнаға және барша әріптес донорларға біз зор алғысымызды білдіреміз
https://tarazdonor.kz/kz/zha-aly-tar/2115-a-paratty-t-sindiru-zh-mystary.html#sigFreeId605850bccf