Сыбайлас жемқорлық-мемлекет пен қоғам үшін ең үлкен қауіптердің бірі. Оның салдары өмірдің барлық салаларына әсер етеді, мемлекеттік институттарға деген сенімге нұқсан келтіреді, экономика мен әділ сот төрелігінің дамуына кедергі келтіреді. Бұл құбылыспен күресу тек мемлекеттік органдардың міндеті ғана емес, сонымен бірге әрбір азаматтың міндеті.Осы орайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстерге де бірқатар міндеттер жүктелген. Бүгін Жамбыл облыстық қан орталығында жоспарға сәйкес, «Ішкі тәуекелдерді бақылау жүйесіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің рөлі мен орны» тақырыбында комплаенс офицері Р.К. Рахимжановамен семинар өткізілді. Басқосуда тақырып аясында мазмұнды баяндама жасалып, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.