Денсаулық сақтау-жалпыұлттық міндет. Бұл тұрғыда мейірбикелерге артылған жауапкершіліктің салмағы да жоғары. Дегенмен сала мамандары аянып жатқан қалмай, кәсіби біліктіліктерін танытып келеді. Өйткені, мақсат-біреу, мүдде-ортақ. Ол- дертіне дауа іздеген жандарға демеу болу. Міне, осындай сенім үдесінен көрініп келе жатқан ақ желеңді абзал жандар жыл сайын 12 мамырда өздерінің кәсіптік мерекелерін-Халықаралық мейірбикелер күнін атап өтеді.
Бүгін атаулы күнге орай Жамбыл облыстық қан орталығында салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараны Жамбыл облыстық қан орталығы директорының міндетін атқарушы Жұмакүл Нурсаитова ашып, құттықтау сөз сөйледі.
Байыпты басқосуда денсаулық сақтау саласында, оның ішінде қан қызметінде ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп жүрген қызметкерлер марапатталды. Атап айтқанда, қан дайындау бөлімінің медбикесі Назирахан Шаюсупова «Жамбыл облысы мейіргер ісі мамандарының кәсіби бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жәмила Сарыбекованың бұйрығымен «Шарапат» төсбелгісіне ие болды. Ал Асем Елеусоваға осы бірлестіктің Құрмет грамотасы, қан дайындау бөлімінің медбикесі Айша Айнебековаға Алғыс хаты табысталды.
Сонымен қатар Жамбыл облыстық қан орталығы директоры міндетін атқарушының Алғыс хаты донор жинақтау және дайын қан өнімін беру бөлімінің аға медбикесі Айгерім Тойкараева мен қан тестілеу медициналық зертханасының зертханашы Бакытгуль Досбаеваға тапсырылды.
Салтанатты жиын одан әрі концерттік бағдарламаға ұласты.
https://tarazdonor.kz/kz/zha-aly-tar/2103-densauly-sa-tau-zhalpy-ltty-mindet-2.html#sigFreeId852b82d315